Қарағанды облысының фермерлері Астанаға жәрмеңкеге 700 тоннаға жуық өнім жеткізді

Қарағанды облысының фермерлері Астанаға жәрмеңкеге 700 тоннаға жуық өнім жеткізді

Астанада алдағы демалыс күндері, 22–23 қазанда Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Оған өңірдегі 164 шаруа қожалықтары мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.

"698 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізіледі. Қарағанды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер елордаға 138 тонна ет, 13 тонна сүт өнімі, 200 мың дана жұмыртқа, 430 тонна картоп, 95 тонна көкөніс, сондай-ақ балық, шұжық, кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін әкеледі", – деп хабарлады Ауыл шаруашылығы басқармасы.

Өнімдер нарықтық бағадан 10–15% төмен бағамен сатылатын болады.

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, облыс фермерлері жақсы өнім жинады. 900 мың тоннаға жуық астық бастырылды. 292 мың тонна картоп пен 58 мың тонна көкөніс жиналды. Бұл аймақтың ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және облыстан тыс аймақтарға сатуға жеткілікті. Сондай-ақ мал басы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үнемі өсіп келеді.

Жәрмеңкеге келушілер үшін концерттік бағдарламаны Қарағанды облысының шығармашылық ұжымдары дайындайды.

Жәрмеңке өтетін орын: Тұран, 48 мекенжайындағы "Астана-Арена" стадионының жанындағы алаң.

Фото Астана әкімдігінің сайтынан алынды