
Биылғы жылы ұзындығы 200 км Қарағанды – Қарқаралы жолының көптен күткен жөндеуі басталды, бұл жолдың 84 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда болды. Жол жөндеушілер 10 шақырымды ретке келтіріп үлгерді, қалған 74 км келесі жылы аяқталады.

– Мен Қарағандыға жиі барамын, немерелерім демалысқа шыққанда алып келемін. Жол жөндеу жұмыстары басталғанын көріп тұрмын. Қазірдің өзінде ретке келтірілген жол бөлігі бар. Менің ойымша, жол толығымен жөнделсе, қалаға жету оңайырақ болады, – дейді Қарқаралы ауданының тұрғыны Райхан Әміренова.

Қарағанды облысындағы жолдарды жөндеу бойынша нақты тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңір жұртшылығымен кездесу барысында берді.

Тапсырма Қарқаралы – Қарағанды, Қарағанды – Жезқазған және Қарағанды – Балқаш, Балқаш – Бурылбайтал жолдарына қатысты болды. Мемлекет басшысы нақты мерзімдерді белгіледі: екі жыл ішінде Қарағанды – Қарқаралы және Қарағанды – Жезқазған трассаларын жөндеу қажет.

Жұртшылық көптен бері Қарағанды – Жезқазған жолын ретке келтіруді сұрап келеді. Бұл жолдағы жоба 12 учаскеге бөлінген. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Техникалық санатты үшіншіден біріншіге дейін ұлғайту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өткелдері мен көпірлерін салу жоспарлануда. ЖСҚ дайындаумен бір мезгілде трассаның жоспары да әзірленеді.

Жалпы, Қарағанды облысының Республикалық маңызы бар жолдарының жалпы ұзындығы 1854 км. 828,4 шақырым немесе 44,7 % жолдың жағдайы қанағаттанарлық.