Қарағанды облысының әкімдігінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбы талқыға түсті

Қарағанды облысының әкімдігінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбы талқыға түсті

Қарағанды облысында өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға көмек көрсету үшін жеті дағдарыс орталығы бар. Полиция бөлімшелерінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар жұмыс істейді. Олар зардап шеккендердің өтініштерін қабылдап қана қоймай, заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Исмағұлов облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте баяндады.

Ведомствоның мәліметінше, 9 айда облыста отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 66 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың барлығы дерлік мас күйінде жасалады. 

– Учаскелік полиция инспекторлары күнделікті өмірде құқық бұзушылыққа жол беретін адамдарды анықтау және полиция есебінде тұрған адамдарды тексеру мақсатында күнделікті түрде пәтерлерді аралайды. Отбасылық жанжалдар туралы келіп түскен барлық сын-қатерлер бойынша құқық бұзушыларға алдын алу шараларының қолда бар спектрі қолданылады. Бұл қорғаныс ұйғарымдары, бұзушылардың мінез – құлқына қойылатын ерекше талаптар, алкогольдік ішімдіктерді ішуге тыйым салу, әкімшілік қамауға алу, – деді Құрманғали Исмағұлов.

Ол заңнамаға тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті қатаңдату бойынша өзгерістер енгізілетінін атап өтті.

Жиында ақпараттық жұмысты күшейту қажеттігі туралы айтылды. Арнайы қоғамдық кеңестер құруды және бар шағымдарды қарау үшін ақсақалдар кеңесіне жүгінуді ұсынды.