Шет ауданы Мойынты кентінде заманауи балалар алаңы орнатылды

Шет ауданы Мойынты кентінде заманауи балалар алаңы орнатылды

Мойынты кентінің орталық көшелерінің бірінде заманауи балалар ойын алаңы орнатылды. Сондай-ақ, елді мекенде 33 жаңа жарықтандыру тіректері пайда болды.

Мойынты кентінде тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау үшін жұмыстар жүргізілуде. Жуырда Таныбай батыр көшесінде заманауи балалар алаңы орнатылды.

Онда сегіз аттракцион мен көше тренажерлері орналасқан. Ойын аймағының бүкіл периметрі бойынша жасанды газон төселген. Аумақ тормен қоршалған. Ауданы шамамен 200 шаршы метрді құрайды.

– Біздің ауылда балалар көп. Олардың белсенді демалысы үшін біз барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Жаңа алаң бюджет қаражаты есебінен орнатылды. Ол балаларға ұзақ уақыт қызмет етеді деп үміттенеміз, – деді кент әкімі Саяхат Турабеков.

Сондай-ақ, осы жазда жалпы ұзындығы 570 метр болатын орталық көшелерде тротуар жолдары салынды.

Тұрғындардың жайлылығы үшін 33 жаңа жарықтандыру тіректері орнатылды.

Келесі жылы елді мекенде 2 шақырым кентішілік жолдар асфальтталып, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарлануда.

Сонымен қатар, ауылда 600 орындық жаңа мектеп салынады. Ескісі 1937 жылы салынған және онда балалар орны тапшы.

Мойынтыда барлығы 2200 адам тұрады, олардың 600-ге жуығы балалар.