
Қарағандыда танымал бизнесмендер студенттерге өз ісін неден бастау керектігін және қалай табысқа жету керектігін айтты. Үш университеттің түлектерімен кездесуді өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.

Болашақ мамандармен үлкен тәжірибесі бар мына кәсіпкерлер сөйлесті: Николай Абт – "ЖТҮК Ұйымдастыру комитеті" ЖШС директоры, Баглан Булгунаев – "Terricon School" ЖШС атқарушы директоры, Ангелина Саратовкина – "Терриконовая долина" ЖШС коммюнити-менеджері және Владимир Алескеров – «A.V.Group» ЖШС директоры.

Мысалы, Владимир Алескеров түрлі салаларда табысты бизнес құрды.
– Біз бүгінгі таңда медициналық өнімдердің жалғыз өндірушісі болып табыламыз. Сонымен қатар, металл құрастырылым цехтары бар. Мүлдем басқа бағыттар. Биыл біздің компанияға 9 жыл. Осы уақыт ішінде біз нөлден өндірістік алаңдардың 15 мың шаршысына дейін өттік. Сондықтан сіздерге, негізінен кез-келген идеяның орындалатынын айта аламын, кез-келген мәселені шешеміз, – деді ол.
Ангелина Саратовкина жастармен сәтті сатудың құпияларымен бөлісті.

Студенттер өз сұрақтарына жауап ала алды. Кәсіпкерлер өз істерін бастау керек пе деген күмәндарын сейілтті.
Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша