
Қарағандыда Қазақстан халқы Ассамблеясының "Елтану" республикалық туристік-танымдық экспедициясының қорытындысы шығарылды. Оның қатысушылары ағартушы Ахмет Байтұрсынұлыңың отанына барды

– Экспедиция Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылды. Сапар барысында қатысушылар Қостанай және Ақмола облыстарының тұрғындарын Ұлт мұғалімінің шығармаларымен таныстырып, көптеген пайдалы ақпарат алды, – деп айтты Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте "Қоғамдық келісім" КММ ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Думан Малаев.
Экспедицияға "Мың бала", "Алғысым саған, Қазақстан!", "Ахмет оқулары" және басқа да зияткерлік жарыстардың жеңімпаздары, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жастар, блогерлер және БАҚ өкілдері қатысты.
Олар Ақмола және Қостанай облыстарының тарихи-мәдени ескерткіштерімен танысты. Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген Сарытүбек ауылында, Қабанбай, Кикібай батыр, Иманжүсіп Кұптанұлы кесенелерінде, "Алжир" мұражай-мемориалдық кешенінде, Атбасар қаласындағы Қажымұқан батыр үйінде болып, Ілияс Есенберлин және т. б. мұражай-үйіне барды.
– Экспедиция екі бағытта ұйымдастырылды. Біз Торғай қаласында Ахмет Байтұрсынов пен Мыржақып Дулатов ескерткіштерінің ашылуына және "Ұлтына ғұмырына арнаған Ұлы тұлға" республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатыстық, – деп атап өтті лингвист Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ профессоры Бектұрсын Уәлиев.
Экспедицияның басты мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын дәріптеу.