
Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды қазақ драма театрында 16 қазан күні сағат 17:00-де "Қауіпті будан" моноспектаклінің премьерасы өтеді. Бұл адамдардың қиын қарым-қатынасы, Отаны, жаңа ұрпақтың ата-бабалармен байланысы туралы, бірақ негізінен махаббат пен үміт туралы әңгіме.
Монодраманың қоюшы-режиссері – театрдың көркемдік жетекшісі Айдын Салбанов.
– Спектакль Оралхан Бөкейдің "Атау кере" романының кейіпкері – Таған туралы баяндайды. Біз Тағанның өмірге деген көзқарасын, оның философиялық, саяси және адами көзқарастарын көрсетуге тырысатын моноспектакль жасадық. Қойылым жалпы адам мен адамзат, ұлттық құндылықтар, тіл және т. б. туралы. Басты рөлді театр актері Бек Киекбаев сомдайды, – деді Айдын Салбанов.
Анықтама телефондары: 8-701-911-76-76, 8-776-580-88-87.