Бұқар жырау ауданында академик Қаныш Сәтбаев саябағы жаңғыртылуда

Бұқар жырау ауданында академик Қаныш Сәтбаев саябағы жаңғыртылуда

Үміткер ауылдық округінің Үлгі ауылында академик Қаныш Сәтбаев саябағы қалпына келтірілуде.

– Бұл саябақта бір кездері академик Қаныш Сәтбаевтың өзі ағаш отырғызған. Сондықтан біздің міндетіміз оны өскелең ұрпақ үшін сақтау. Онда қоршау орнатылады, болашақта ол күзетілетін болады, – деді Үміткер ауылдық округінің әкімі Жұлдыз Казыбекова.

Саябақтың периметрі бойынша қазан айының соңына дейін жаңа темірбетон қоршау орнатылады. Қазір жергілікті тұрғындар саябақтың аумағын тазартуда. Көктемде жас ағаштарды отырғызу жоспарлануда.

Сондай-ақ, Улгі ауылында сумен жабдықтау мәселесі шешілуде. Биыл елді мекенде жаңа су құбырының құрылысы басталды.

– Ұңғыма бұрғыланды, оның тереңдігі 50 метр. Құбырлар төселді, олар ауыл тұрғындарының үйлеріне жеткізілді. Жыл соңына дейін жүйе іске қосылады, – дейді әкім. – Қазір Үлгіде небәрі оннан астам үй қалды. Су құбыры енгізілгеннен кейін біз адамдар ағынына үміттенеміз. Қазір бізге бірнеше отбасы көшуге дайын.

– Біздің ауылдың дамып жатқанына қуаныштымыз. Қаныш Сәтбаев саябағы қоршалады, сумен жабдықтау жүргізіледі. Мұндай оң өзгерістер қуантпай қоймайды. Біз тұрғындар да жай отырмаймыз, саябақты тазартуға көмектесеміз. Біздің ауылдың жанданғанын қалаймыз, – деп атап өтті үлгілік Нұрхан Шакишев.

Үлгі ауылын абаттандыру келесі жылы да жалғасады.