
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек 20 қазанда Осакаров ауданына барады. Жұмыс сапары кезінде өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу Молодежный кентінің Мәдениет үйінде сағат 11:00 өтеді. Жеке қабылдау – 12:00.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды.
Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-72149) 4-12-67 телефоны немесе e.kunakh@karaganda-region.gov.kz электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.