
Қарағандыда алғаш рет "Лирика сағаты" жобасы іске қосылады. Әр апта сайын жұма, сенбі және жексенбі күндері сауда үйлерінде бағаналардан белгілі қарағандылық ақындардың өлеңдері шырқалады.
Алғашқы "Лирика сағаты" "Таир" сауда қаласында өтеді. Мұнда 14 қазан күні сағат 12:00-де келушілер Серік Сағынтай, Жанат Жаңқашұлы, Қайрат Асқар, Әділет Шопен, Ерік Нарын сияқты сөз шеберлерінің өлеңдерін тыңдайды.
Кейінірек жоба "Абзал", City Mall, "Умай", "Корзина", NormaN, "Галерея", Global City сауда үйлерінде, сондай-ақ ОӘД-де іске қосылады.