Қарағанды облысының әкімдігіндегі кадрлық өзгерістер

Қарағанды облысының әкімдігіндегі кадрлық өзгерістер

Қарағанды облысының әкімдігінде кадрлық өзгерістер орын алды. Асылбек Дүйсебаевтың оқудан өтуіне байланысты облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Басин Вадим Борисович тағайындалды.

Вадим Борисович 1962 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 1985 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру» мамандығы бойынша, ал 1990 жылы Томск автоматтандырылған басқару жүйелері және радиоэлектроника институтын «Өнеркәсіптік электроника» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы бастаған. Қарағанды металлургия комбинатында аглоцехтың инженер-электригі, аглоцех бастығының электр жабдықтары жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

2003 жылы «Испат-Кармет» АҚ бас энергетигі болып тағайындалды.

2011 жылдан бастап «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басқарма дирекциясының жөндеу жөніндегі директоры қызметін атқарды.

2013 жылы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жөндеу жөніндегі атқарушы директорының орынбасары, кейін осы компанияның басқару дирекциясының өндіріс жөніндегі директоры болып тағайындалды.

2017 жылдан бастап «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры қызметінде жұмыс істеді.

2021 жылдың 26 шілдесінен бастап Қарағанды облысы әкімінің энергетика, ТКШ, индустриялық-инновациялық саясат және инвестициялар, ТЖ мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.