
Экомұражайда 14 қазанда «Fashionstan: өзгермелі климаттағы көшпенділердің бейнесі» көрмесі ашылады. Экспозицияда режиссер, фотограф, Best of PhotoVogue халықаралық сыйлығының лауреаты Иван Рясковтың жұмыстары ұсынылады.

Автор климаттың өзгеруінің Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Өзбекстандағы XXI ғасыр көшпенділерінің өмір салтына әсерін зерттейді. Көрме қонақтары деректі және көркем фото-, видео - және арт-жұмыстарды тамашалайды.
«Көрменің басты идеясы – қоғамның назарын мүмкіндіктердің барлық спектрінде мәдениет пен табиғатты сақтау қажеттілігіне аудару. Тарихи мұраларын сақтау үшін күресіп жатқан қолөнершілердің өмірінен бастап, жаңа дәуірдің экологиялық таза, заманауи сәні мен инновациялық индустриалды технологиясын қоса алғанда», – дейді ұйымдастырушылар.
Көрменің басталуы сағат 16:00-де.
Экспозиция 28 қазанға дейін жалғасады.