Қарағандылық кикбоксшылар әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Қарағандылық кикбоксшылар әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасының құрамында кикбоксингтен Әлем чемпионатында Қарағанды облысынан бес спортшы өнер көрсетті. Олардың барлығы үйге медальдармен оралды.

Италияда жастар мен жасөспірімдер арасында халықаралық біріншілік өтті. Татами шайқасында 63 елден 700-ден астам кикбоксшы шайқасты.  Жастар арасында бірінші орынды Рафаил Иванов (Қарағанды қаласының жекпе–жек БЖСМ, жаттықтырушы – Ислам Абдраимов) иеленді.

Жасөспірімдер арасында бірінші орын алған Гаухар Сайлаубек (Балқаш қаласы, жаттықтырушылар – Комар Абай, Дулат Саметов, Жомарт Үсен).

Жастар арасында екінші орынды Әділ Мұратов (Балқаш қаласы, жаттықтырушылар – Дулат Саметов, Жомарт Үсен) жеңіп алды.

Жастар арасында Сергей Каталов (Қарағанды қаласының жекпе-жек БЖСМ, жаттықтырушы – Амир Жанбосинов) мен Нұрсұлтан Сатиев (Балқаш қаласы, жаттықтырушылар – Дулат Саметов, Жомарт Үсен) үшінші орын алды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша