
М. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана Қарағанды мен Қазақстан туралы үздік өлеңдерге арналған "Менің елім – Қазақстан" байқауын жариялады. 12 жастан 65 жасқа дейінгі кез келген адам оқырман немесе ақын сыйлығын замандастарымен бөлісе алады.

Жеңімпаздар екі номинацияда анықталады: Қазақстан немесе Қарағанды туралы өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқу; туған өлке, Қарағанды және Қазақстан туралы өз шығармаларын поэтикалық оқу.
Өлең көлемі – 15 жолдан кем емес.
Байқау 21 қазан мен 15 қараша аралығында өтеді.
Қатысу үшін бейне түсіріп, library_auezov@bk.ru электрондық поштасына жіберу керек.
Жеңімпаздарды сыйлықтар күтеді.
Толығырақ мына телефон арқылы: (8-7212) 42-12-26.