
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек 12 қазанда Саранға барады. Жұмыс сапары кезінде өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу сағат 15:00-де Саран қаласының Мәдениет үйінде өтеді. Жеке қабылдау сағат 16:00-де.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды.
Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (8-72137) 7-40-16 телефоны бойынша (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) немесе sar.apparat@krg.gov.kz электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.