Табиғатта қоқыс жоқ: Бей-жай қарамайтын қарағандылықтарды сенбілікке шақырады

Табиғатта қоқыс жоқ: Бей-жай қарамайтын қарағандылықтарды сенбілікке шақырады

Қарағанды облысы бойынша экология департаменті қарағандылықтарды республикалық сенбілікке қатысуға шақырады.

"Табиғатта қоқыс жоқ!" экологиялық акциясын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялады.

Сенбілік 8 қазанда өтеді.

Еріктілер Федоров су қоймасының жағалауындағы қоқыстарды тазартады.

Қала тұрғындарын каскад алаңында сағат 09:30-да күтеді. Сенбілікке қатысушылар қажетті құралдармен, қолғаптармен және қоқыс дорбаларымен қамтамасыз етіледі.

Қосымша ақпарат келесі телефондар бойынша: +7-707-250-51-07, +7-707-511-21-34 (WhatsApp).