Жеңіс Қасымбек есептік кездесуде 90-ға жуық сұраққа жауап берді

Жеңіс Қасымбек есептік кездесуде 90-ға жуық сұраққа жауап берді

Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі лауазымында тұрғындармен алғашқы есеп беру кездесуін өткізді. Өңір басшысы биліктің экономикалық және әлеуметтік саладағы жұмысы туралы айтып берді. Тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерге тоқталды.

Баяндамадан кейін облыс әкімі аудиторияның сұрақтарына жауап берді. Тек залдан 75 сұрақ келіп түсті. Сауалдардың тақырыбы әр түрлі болды: абаттандыру, көгалдандыру, көлік жұмысы, экология, медициналық қызмет көрсету, жол жағдайы, ТКШ мәселелері және т. б.

Сондай-ақ call-орталық жұмыс істеді. Телефон желісіне өңір тұрғындарынан 11 сұрақ келіп түсті.

Селекторлық режимде өңір басшысының есеп беру кездесуіне шалғайдағы қалалар мен аудандардың тұрғындары да қатысты. Жезқазған, Сәтпаев, Балқаш, Теміртау қалалары, Шет және Осакаров аудандарынан сұрақтар қойылды.

Бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды, деп сендірді Жеңіс Қасымбек.

Есептік кездесуден кейін облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Өңір басшысына тағы 21 адам өтініш білдірді. Мәселелер абаттандыру, кәсіпкерлік, көмір саласының болашағына қатысты болды. Өз проблемалары туралы саяжай қоғамдарының жетекшілері де айтып берді. Кішкентай баласының республикалық клиникада тексеруден өту квотасын жеделдетуге көмек сұраған тұрғын да болды. Қабылдауға басқарма басшылары қатысты, оларға әр мәселе бойынша Жеңіс Қасымбек жеке тапсырма берді.