8 қазаннан бастап Қарағанды облысында "Ауыл Береке" ауылшаруашылық жәрмеңкелері басталады

8 қазаннан бастап Қарағанды облысында "Ауыл Береке" ауылшаруашылық жәрмеңкелері басталады

8 қазаннан бастап Қарағанды облысында "Ауыл Береке" дәстүрлі күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы ашылады.

Облыс орталығының тұрғындары нарықтық бағадан төмен бағамен өнімді 8, 15 және 29 қазанда GLOBAL CITY СОО аумағында сатып ала алады, 5 қарашада жәрмеңкелер Балқаш, Теміртау, Шахтинск, Приозерск және Саран қалаларында өтеді.

Бірінші жәрмеңкеге облыстың тауар өндірушілері 250 миллион теңгеге 540 тонна ауыл шаруашылығы өнімін жеткізеді. Бұл 52 тонна ет, 340 тонна картоп, 110 тонна көкөніс, 17 тонна сүт, 7 тонна балық және балық өнімдері, 175 мың дана тауық жұмыртқасы және 10 тонна басқа да өнімдер.

Тұрғындар өнімді нарықтық бағадан 10–15% төмен бағамен сатып алып, қысқа қор жинай алады.

Қарағандыда жәрмеңкелер GLOBAL CITY СОО аумағында 134-ші есептік орам (Тәттімбет көшесі мен Момышұлы қиылысы) мекенжайы бойынша өтеді. Сауданың басталуы сағат 09:00-де. GLOBAL CITY СОО-ға № 40, 56, 5, 146 автобустармен және № 02 және 29 маршруттармен жетуге болады.

Айта кету керек, көктемгі және жазғы кезеңдердегі қиын климаттық жағдайларға қарамастан, біздің облыстың фермерлері егіс және егін жинау науқандарын сапалы және уақтылы жүргізді. Олар 885 мың тоннадан астам астық жинап, 291 мың тонна картоп пен 58 мың тонна басқа көкөністер жинады.

Бұл көлемдер аймақтың ішкі қажеттілігін толығымен жабуға және артық мөлшерін облыстан тыс жерлерде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, биыл ауыл шаруашылығы жануарларының негізгі түрлерінің саны артты.