
Қарағанды облысының спорт сүйер қауымын Armanǵa jol жеңілатлетикалық жартылай марафонына қатысуға шақырады
Жарыс 23 қазанда Қарағандыда өтеді.
Жарыс балалар мен ересектерге арналған. Бағдарламада төрт қашықтық көрсетілген.
18 жастан асқан ерлер мен әйелдер "Арманға жол" 21 км және "Спутник" 14 км қашықтығына күштерін сынай алады. 8 жастан 13 жасқа дейінгі балалар үшін 2 шақырымға "Балапан" жарысы дайындалды. "Достық" дистанциясына 7 км-ге жүгірудің барлық әуесқойлары мен мүмкіндігі шектеулі жандар жіберіледі. "Спутник", "Балапан" және "Достық" жарыстарына қатысушылар бастапқы жарнадан босатылады.
– Тек "Арманға жол" жарысы ақылы болады. Барлық ақша қайырымдылыққа жұмсалады, – дейді жартылай марафонды ұйымдастырушы Руслан Искаков. – Біз үш мыңға жуық адамды күтеміз.
Жарысқа қатысу үшін 20 қазанға дейін ресми сайтта тіркелу қажет.
Жарысқа дейін қатысушылар 20, 21 немесе 22 қазанда төсбелгі нөмірін алуы керек: Н. Әбдіров атындағы спорт сарайы, Бұқар жырау даңғылы, 53, 2-қабат (20-21 қазан 17:00-ден 21:00-ге дейін, 22 қазан 09:00-ден 20: 00-ге дейін).
Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, өз денсаулығы үшін жеке жауапкершілігі туралы қолхаты; балалар үшін – туу туралы куәлігінің көшірмесі, ата-анасынан (қамқоршысынан) денсаулық үшін жеке жауапкершілігі туралы қолхаты болуы тиіс.
Жартылай марафон Тәуелсіздік алаңында сағат 11:00-де бастау алады.
Жарыс аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға медальдар беріледі, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер жүлделерге ие болады.
Сайыстың ережесі және барлық мәліметтер: qaragandymarathon.kz сайтында.