Қасым-Жомарт Тоқаев Балқашқа әуе билеттерін субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Балқашқа әуе билеттерін субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Балқашқа жазғы рейстерге авиабилеттерді субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесуде айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

– Сонымен қатар, жазғы маусымда Балқашқа авиарейстерге билеттерді субсидиялау мәселесін пысықтаған жөн. Қаланың әуе айлағы ел әуежайларын дамыту бағдарламасына енгізілуі керек. Сондай-ақ маусымдық және туристік ағымды ескере отырып, жаңа әуе және теміржол маршруттарын ашу мүмкіндігін қарастыру қажет. Осындай кешенді шаралардың арқасында ғана Балқаш ішкі, ал болашақта халықаралық туризм үшін тартымды орынға айналады, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев

Ел Президенті Үкіметке облыс әкімдігімен бірлесіп осы мәселелерді пысықтауды және қаланы дамытудың Кешенді жоспарында тиісті іс-шараларды көздеуді тапсырды.