Қарағанды облысының моноқалаларын индустриялық дамыту адамдардың өмір сүру сапасына нұқсан келтірмеуге тиіс

Қарағанды облысының моноқалаларын индустриялық дамыту адамдардың өмір сүру сапасына нұқсан келтірмеуге тиіс

Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев моноқалаларды дамытуға ерекше назар аударды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының пікірінше, уақыт өте келе олар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға шамадан тыс тәуелділіктен арылуға тиіс.

– Өнеркәсіптік алыптар аутсорсинг механизмдері арқылы жергілікті бизнесті қолдау үшін жақсы мүмкіндіктерге ие. Моноқалалар таза, шағын, гүлденген және "жасыл" елді мекендер ретінде дамуы тиіс. Тек осы жағдайда ғана олар аймақтың өсу нүктелеріне айналады", – деді ол. – Шағын қалалардың проблемасы – инженерлік инфрақұрылымның айтарлықтай тозуы. Бұл мәселені шешу үшін үлкен қаражат қажет. Үкімет моноқалалардың коммуналдық желілерін жөндеуге бөлінетін қаражат көлемін ұлғайтуы қажет.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 2023 жылы Saran индустриялық аймағының инфрақұрылымын қалыптастыруды аяқтауды тапсырды.

Мемлекет басшысы өңірдің индустриялық дамуы азаматтардың мүдделері мен адамдардың өмір сүру сапасына нұқсан келтірмеуге тиіс екенін атап өтті. Халық көтеретін экология мәселелері бейінді министрліктің бақылауында болуы тиіс.