
Жаңа саябақ жақын арада Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аумағында пайда болады.
Quat Ormany жобасы бойынша онда 200-ге жуық қарағай мен қайың отырғызылды.
Көгалдандыру шаралары 3 қазанда басталды.
Университет қызметкерлері жатақхана мен екінші ғимарат арасында 500 шаршы метр аумақта жаңа саябақ салуды жоспарлап отыр.
– Бұл аймақта топырақ тұзды, ағаштар нашар өседі. Онда көшет отырғызу үшін біз тыңайтқыш, қарашірік әкелдік. Бірінші кезеңде 200-ге жуық қарағай мен қайың отырғызылды. Олар кездейсоқ таңдалмаған. Бұл көшеттер біздің климатта жақсы қалыптасады. Отырғызуға университет ұжымы да, студенттер де қатысты. Кейінірек біз тағы 100 шырша отырғызуды жоспарлап отырмыз. Олар үшін ауа температурасы төмен болуы керек, – деді Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ агрономы Задеш Шаушеков.
Жаңа саябақта қарағай, қайың, шырша, жапон тобылғысының 500-ден астам көшеттерін отырғызу жоспарлануда.

Оларды ЖОО студенттері мен қызметкерлері күтетін болады.
Quot Ormany жобасы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және жас ұрпақты қоршаған ортамен тығыз байланыста тәрбиелеуге бағытталған.