Балалар кітапханасы жас қарағандылықтарды жазушы Елена Клепиковамен кездесуге шақырады

Балалар кітапханасы жас қарағандылықтарды жазушы Елена Клепиковамен кездесуге шақырады

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 6 қазан күні сағат 11:00-де белгілі алматылық жазушы Елена Клепиковамен кездесу өтеді. Ол «Истории Кота Патрика», «Пан Тырц и Мурзик», «Тайна синей паутины» және т. б. кітаптардың авторы.

Елена Клепикова спутниктік қалалардың кітап сүйгіштерімен де кездеседі. Шахтинск қаласында іс -шара сағат 11:00-де орталық кітапханада (Абай даңғылы, 7/1), ал Теміртауда 15:00-де орталық кітапханада (Победа көшесі, 12) өтеді.

Кездесуде жас оқырмандар сұрақтар қойып, балалар кітаптары авторының қолтаңбасын ала алады.

Елена Клепикова – Алматы ашық әдеби мектебінде "Проза және балалар әдебиеті" семинарының оқытушысы және жүргізушісі. Тоғыз кітаптың авторы және сегіз кітаптың бірлескен авторы. "Алтын қалам" (Қазақстан), "Корнейчуковская сыйлығы" (Украина) "Ресейдің Алтын қауырсыны" (Ресей) әдеби сыйлықтарының лауреаты, сондай-ақ Қазақстанда, Ресейде, Германияда өткен әдеби сыйлықтар мен конкурстардың лауреаты және жүлдегері.

Шығармалары әдеби журналдар мен жинақтарда жарияланған. Автордың әңгімелері мен ертегілері қазақ және ағылшын тілдеріне аударылды.

Анықтама телефондары: 41-23-26, 8-771-195-60-65.