Қарағандылықтарға жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша мобильді рекрутинг пунктінде кеңес беріледі

Қарағандылықтарға жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша мобильді рекрутинг пунктінде кеңес беріледі

Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы 5 қазанда теміржол вокзалының аумағында мобильді рекрутинг пунктін ашады. Қарағандылықтар мен қала қонақтары жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алу үшін жүгіне алады.

Орталық қызметкерлері жұмыссыздарды келесі бағыттар бойынша хабардар етеді: «Жастар тәжірибесі», «Күміс жас», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Бірінші жұмыс орны», «Ұрпақ келісімшарты», «Қоғамдық жұмыстар».

Пункттің жұмыс уақыты: сағат 15:00-ден 16:00 дейін.