
Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне орай «Джек Рассел Терьер» ит иелерінің клубы 8 қазанда Қарағандыда Dog Party қайырымдылық акциясын ұйымдастырады. Барлығына кіру тегін.
Ұйымдастырушылар түрлі тұқымды иттер қатысатын дефиле көрсетуге уәде беріп отыр.
Мерекеге келген төртаяқтылар «Менің стильді итім» онлайн байқауында модель бола алады.
Лотерея мен жәрмеңке де болады. Түскен қаражат үйсіз жануарларға көмек ретінде жұмсалады.
Сонымен қатар қонақтарды жеңіл тағам, жылы сусындар мен фотосессия күтеді.
Dog Party Сатыбалдин көшесі 7/3 мекен-жайы бойынша орналасқан «Лангрия» мейрамханасының жазғы террасасында өтеді.
Басталуы 13:00.