
Тілдерді дамыту басқармасы 26 қазанда Қарағандыда "Үлгілі отбасы" байқауын өткізеді. Оған Қарағанды облысының аумағында тұратын отбасылар қатыса алады.
Мүшелері еңбекте, спортта, шығармашылықта, зияткерлік және ғылыми жобаларда жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы іспен (еріктілік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік және басқалары) айналысатын отбасылар шақырылады.
Отбасы кем дегенде бес адамнан тұруы керек: атасы немесе әжесі, әкесі мен анасы және екі баласы.
Үміткерлер конкурсқа өзін-өзі ұсыну тәртібімен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы бойынша қатыса алады.
Байқау екі кезеңнен тұрады – іріктеу (аудан, қала) және қорытынды (облыстық).
Іріктеу кезеңінде үміткерлер өтінішпен бірге жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсете отырып, ұзақтығы үш минуттан аспайтын бейнеролик ұсынуы тиіс. Өтінімдер ұйымдастырушылардың электрондық поштасы арқылы 13 қазанға дейін қабылданады: til-qazyna@mail.ru.
Бейне-презентацияда әр отбасы белгілі бір өнер түрін көрсетуі тиіс.
Мысалы, отбасын таныстыру кезінде ұлттық киім киіп, дәстүрлі әнді орындауға немесе "Алаш" қайраткерлерінің сөзін келтіре отырып, сахналық қойылымды дайындауға болады.
Қазылар алқасының шешімі бойынша іріктеу кезеңінен өткен кандидаттар соңғы кезеңге өтеді. Ол үш турдан тұрады:
- «Шағын мемлекеттің бұлжымас заңы». Бұл кезеңде "Шағын мемлекет", яғни отбасы кейсті немесе заңды қорғайды, бұл оның неге үлгілі болуға лайық екенін көрсетеді. Оған бір минут беріледі;
- «Шағын мемлекеттің мәселесі». Ситуациялық тапсырмалар осы кезеңнен өткен алты отбасына беріледі. Әр отбасында туындайтын кішігірім мәселелер экранда бес түрлі өрнектермен көрсетіледі. Отбасы мәселені шешуі керек. Әр тапсырмаға екі минут беріледі;
- «Ақтық сайыс». Мұнда үш отбасы қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті, тарихы, дәстүрлері мен тіліне қатысты бес сұраққа жауап беретін болады. Осы кезеңде бұрын жинаған ұпайларды ескере отырып алғашқы үш орынның иегерлері анықталады.
Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
- 1-орын – 650 000 теңге;
- 2-орын – 400 000 теңге;
- 3-орын– 200 000 теңге;
- ынталандыру сыйақысы – 70 000 теңге.
Байқау туралы толығырақ мына телефондар арқылы білуге болады: 8-747-257-46-96, 8-701-953-09-37.