
Қытайлық Чэнду қаласында өткен үстел теннисінен әлем чемпионатында Қазақстан командасы бірінші жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz. 3:0 есебімен біздің спортшылар Өзбекстанды сенімді түрде жеңді.
Денис Жолудев, Кирилл Герасименко, Алан Курмангалиев сәйкесінше Абдулазиз Анорбоевтан, Шохрух Искандаровтан, Эльмурод Холиковтан мықты болды.
Денис Жолудев – Абдулазиз Анорбоев 3:0 (11:6, 11:6, 11:8).
Кирилл Герасименко – Шохрух Искандаров 3:0 (11:2, 11:6, 11:8).
Алан Курмангалиев – Эльмурод Холиков 3:0 (11:5, 11:2, 12:10).
Бұған дейін Чэндудегі әлем чемпионатында қазақстандық команда Франция мен Германиядан жеңіліп қалды.