
Қарағанды облысында Әділет органдарының 30 жылдығы мерекеленді. Өңір әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен Әділет департаментінде өткен салтанатты жиналыста осы саланың үздік қызметкерлері атап өтілді.

– Бүгінгі күн заң қоғамдастығының барлық өкілдерін біріктіреді. Заңның жазбасы мен рухына қызмет ететіндердің барлығы, сөз бен іс әділеттіліктің үстемдігін бекітеді, Конституциялық негіздерге қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдармен, депутаттық корпуспен өзара іс-қимыл жасай отырып, азаматтарымыздың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері шешілуде. Сіздерге, заңгерлерге, қиын жағдайда кеңес алу үшін қарапайым халық жиі жүгінеді, Заңның мінсіз орындалуы, демек, мемлекеттегі тәртіп сіздерге байланысты. Әділет органдарының барлық қызметкерлері мен ардагерлерін, сондай-ақ өмірін заңға қызмет етуге арнаған барлық заң қоғамдастығын құттықтаймын! – деп Жеңіс Қасымбек әділет қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Іс-шара барысында сала ардагерлері мен қызметкерлеріне "Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны және әділет органдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін" Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің наградалары, облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің алғыс хаттары және Әділет департаментінің басшысы Тимур Ермағамбетовтың кәсіби қызметіндегі жетістіктері үшін грамоталары табыс етілді.
Әділет департаменті басшысының грамотасымен марапатталғандардың арасында сала ардагері Роза Асаинова бар. Ол бұл салада 30 жылдан астам жұмыс істеді.
– Мен 1978 жылы жұмыс істей бастадым. Облыстық АХАЖ бөлімінің бастығы болып зейнетке шықтым. Бүгін Әділет органдарында жұмыс істейтін әріптестер мен жас ұрпақты көргеніме қуаныштымын. Әрине, мен оларға сәттілік, жеңіс тілеймін, ең бастысы – өз жұмысыңды сүю керек! Барлығына ашық аспан, отбасыларға амандық және махаббат тілеймін! Онсыз ешқандай жол жоқ, өйткені мен АХАЖ-да 30 жылдан астам жұмыс істедім, – дейді Роза Асаинова.