
Қарағандының орталық саябағында Қарттар күні атап өтіледі. Сенбі, 1 қазанда саябақтар басқармасы аға буынды мерекені атап өтуге шақырады.
Кездесу орны — басты сахнаның жанында. Басталуы 14:00. Ретро және сүйікті әуендерге билеуге болады.

Ең белсенді қатысушылар үшін қайықпен серуендеу ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, осы күндері саябақта балалар теміржолы маусымын аяқтайды. Демалыс күндері, 1 және 2 қазанда, қарағандылық "Хогвартс-экспресске" бару мүмкіндігі бар. 9¾ платформасынан аттану: әр сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін.
"Жылы киініп, жақсы көңіл-күйіңізді ала келіңіздер, демалыста жүздескенше!"— деп Қарағанды саябақтары басқармасы мерекеге шақырады.