
Орталық саябақта жыл сайынғы City Voice караоке байқауы өтті. Оған 22 кәсіби емес орындаушылар қатысты. Бірінші орынды қарағандылық Мұхамеджан Шекей иеленді.
"Биыл біз үшінші рет Сity Voice Караоке байқауын өткіздік. Жоба жастардың бос уақытын тиімді және мәдени өткізуге негізделген. Қатысушылар саны жылдан жылға артып келеді. Ән таңдауда ешқандай шектеулер болған жоқ. Ауа-райына қарамастан, байқау биыл да Орталық саябақта өтті", – дейді ұйымдастырушылар (Кеншілердің мәдениет сарайы).
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Мұхамеджан Шекей иеленді, ол Jony-дің "Ты пари!" әнін орындады.

– Мен караокеге қатысқаныма қуаныштымын, бірінші орын аламын деп күтпедім. Жоба ұйымдастырушыларына рахмет! – дейді Мұхамеджан.
Екінші орынды Евгения Горюнова, үшінші орынды Жадыра Кенешқалиева иеленді.
– Осындай караоке-байқауға қатысуға шешім қабылдадым. Шынымды айтсам, мен қандай да бір орын аламын деп күткен жоқпын. Бірақ тәуекелге бел буып, қатыстым. Бұл менің осындай байқауға қатысудағы алғашқы тәжірибем, – деп бөлісті Евгения Горюнова.

Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар, қалған қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.