Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры халық алдында есеп береді

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры халық алдында есеп береді

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры 2021–2022 оқу жылында жұртшылықпен, профессорлық-оқытушылық құраммен және БАҚ-пен есеп беру кездесуін өткізеді.

Ол 30 қыркүйек сағат 14:30-да Студенттер сарайында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, биылдан бастап барлық ЖОО ректорлары жыл сайын жұртшылық алдында есеп беруі тиіс. Есептерде тек академиялық көрсеткіштер ғана емес, сонымен қатар бюджеттің орындалуы да көрсетіледі.

КЕАҚ ұйымы (коммерциялық емес акционерлік қоғам) нысанындағы ЖОО-лар пайдасын өз дамуына жібереді.