
Осы жылдың 7 айында Қарағанды облысының дәрігерлері 295 жоғары технологиялық қымбат ота жасады. Оларды өтеуге медициналық сақтандыру қоры 680 миллион теңгеден астам қаражат бөлді.
– Бүгінгі таңда жоғары технологиялық операцияларды Қарағанды облысының алты медициналық ұйымы жасайды – бұл қажетті жабдықтары, емдеудің жаңа әдістерін меңгерген мамандары бар клиникалар. Жоғары технологиялық операциялар, әдетте, қымбат, бірақ сақтандырылған азаматтар үшін құнына қарамастан, олар тегін жүргізіледі. Сондай-ақ, Қордан пациенттерді одан әрі оңалту, қалпына келтіру емі төленеді, – деп атап өтті медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.
Жоғары технологиялық операциялардың тізіміне мыналар кіреді: кардиостимуляторларды орнату, ашық түрде жүрек клапандарын ауыстыру, басқа операциялармен бірге аортокоронарлық шунттау, нейрохирургиялық, оның ішінде эпилепсия кезінде миға жасалатын операциялар. Сондай-ақ, жоғары технологиялық медициналық көмекке экстракорпоралды ұрықтандыру процедурасы жатады.
Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша