
Қарағандыдағы бейнелеу өнері мұражайында ең ұзын сурет салынады. "Өнер бәрін біріктіреді" арт-манифест-челленджі 30 қыркүйекте сағат 15:00-де өтеді.

Суреттің әр бөлігі – Sketch academy студиясы оқушысының композициясынан құралады, онда олар әлемге өзінің түстерін, пішінін, сюжеттерін ұсынады. Бүкіл кенептің бойымен өтетін қызыл сызық біріктіруші элемент болады.
"Өз композициямызбен біз арт-манифест-челлендж эстафетасын басқа студияларға, мектептерге, мұражайларға, қалалар мен елдерге жібереміз, осылайша қауіп-қатерге толы ғасырда біз өнер арқылы бірігеміз, бір-бірімізді түсініп, кешіре аламыз, жаңа идеяларды жасауды және іске асыруды үйренеміз, – дейді ұйымдастырушылар. – Біз әр адамның өз сезімдерін өнер арқылы білдіргенін қалаймыз. Өйткені, Иосиф Бродский айтқандай, "жердегі адамның өмірін ақтайтын екі нәрсе бар – махаббат пен шығармашылық".
Қарағандылықтар қаладағы ең үлкен картинаның дүниеге келгеніне куә бола алады.