Қарағандылықтар варикозға шалдыққан тамырларды жаңа технология бойынша емдейді

Қарағандылықтар варикозға шалдыққан тамырларды жаңа технология бойынша емдейді

Қарағандыдағы "Ақжан" клиникасына жыл басынан бері тамырында варикоз дерті бар 450 пациент келіп түсті. Бұл ауру ерлерде де, әртүрлі жастағы әйелдерде де жиі кездеседі. Оның себептері дәнекер тіндердің тұқым қуалайтын әлсіздігі, жұмыс барысында ұзақ тұруға немесе отыруға мәжбүр болғанда пайда болатын ауру.

Варикозды емдеу МӘМС пакетіне кіреді және сақтандырылған пациенттер үшін тегін жүргізіледі. Шығындар медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен өтеледі.

Варикозды тамырлар — бұл косметикалық мәселе ғана емес, аталмыш ауру тамырлардың тромбофлебитін тудыруы мүмкін. 

— Көктамырлардың тромбофлебиті - варикозды тамырлардың ең күрделі асқынуы. Ол аурудың үш кезеңінің кез-келген уақытында пайда болуы мүмкін. Варикозды тамырларда қан тоқырайды, тромбозға ұшырайды. Кейіннен ағзадағы кез-келген өзгеріс тромбофлебитке әкелуі мүмкін. Қан ұйыған жер үзіліп, өкпеге түсуі мүмкін, терең көктамырлар тромбозы пайда болуы мүмкін, — дейді тамыр хирургі, "Ақжан" клиникасының бас дәрігері Тимур Сраубаев.

Дәрігерлер варикозды тамырлардың 90%-дан астамын радиожиілікті абляция (РЖА) көмегімен емдеді. Лазермен емдеумен салыстырғанда, бұл әдіс тамырдың айналасындағы тіндерге аз зиян келтіреді. 

— Радиожиілік абляциясымен тамыр аз зақымдалады, қоршаған тіндер, нервтер зардап шекпейді. Катетерлер қазіргі кезде жетілдірілген, оларда температура сенсорлары бар, олар тамырдың қаншалықты басылғанын анықтайды. РЖА-дан кейін қайталанулар аз болады. Процедура пункция арқылы жергілікті анестезиямен өтеді.  Ол 20—30 минутқа созылады, содан кейін адам әдеттегі өмір салтын жалғастырады. Жұмысы ауыр еңбекпен байланысты адамдарға жүктемелер бойынша шектеулер ұсынылады, — деп атап өтті Тимур Сраубаев. 

Дәрігерлер әйелдерде аяқтардағы тамырлардың 15—20 % кеңеюі жамбас тамырларының кеңеюімен бірге жүретінін айтады. Ауруды жамбас тамырларының ультрадыбыстық көмегімен анықтауға болады. Мұндай жағдайларда емдеу ауруханада жүргізіледі.  

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша