
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әдебиетші, ғалым Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл толуына орай "Тұғыры биік дара тұлға" атты көрме өтуде.

Экспозиция 3 қазанға дейін жалғасады.

Бұл Қарағанды және Жаңаарқа тарихи-өлкетану мұражайларының бірлескен көрмесі. Экспонаттардың ішінде Ақселеу Сейдімбектің жеке заттары: костюм, нард ойыны, қамшы, тоқылған мата, табакерка, қалам және басқалары, сондай-ақ фотосуреттер, дипломдар, құжаттар бар.

"Көрме жазушының қазақ әдебиеті мен өнерінің, мәдениеті мен руханиятының дамуына қосқан баға жетпес үлесін ашып көрсетуге бағытталған", – дейді ұйымдастырушылар.
