
Шет ауданы Краснополянск ауылдық округінің Бекет ауылында жаңа балалар алаңы пайда болды. Оны кішкентай тұрғындарға жергілікті кәсіпкер сыйға тартты.

Ауыл орталығында балалар алаңы орнатылды. Оның ауданы шамамен 200 шаршы метрді құрайды.

Аумақ қоршалған, заманауи әткеншектер, сырғанақтар және басқа да элементтер орнатылған, барлығы сапалы материалдардан жасалған. Бекеттің кішкентай тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жаңа алаңда жасанды көгал жабыны төселді.

– Балалар ойын алаңын ауылға "Шерубай су" ЖШС басшысы Сергей Шибанов сыйға тартты. Ол әкімдік пен кәсіпорын арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында орнатылды және балалар жылына нағыз сыйлық болды, – дейді Краснополянск ауылдық округінің әкімі Жайдар Шайжанов. – Бекетте барлығы 300-ге жуық адам тұрады, олардың 70-ке жуығы мектеп және мектеп жасына дейінгі балалар. Бұрын ауылда мұндай заманауи алаңдар болмаған, бұл біріншісі.

Биыл елді мекенде 70-тен астам жарықтандыру тіректері орнатылды. Олар "Шерубай су" ЖШС электр энергиясының автономды желісіне қосылған. Кәсіпкер электр энергиясының барлық шығындарын өз мойнына алып, ауыл тұрғындарын жарықпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ол жүйелі негізде Бекеттің көп балалы және аз қамтылған отбасыларына көмек көрсетеді.

– Ауыл тұрғындарының көпшілігі осы кәсіпорында жұмыс істейді. Жақында "Шерубай су" ЖШС біздің аймақта 20 мың тонна көкөніс қоймасын салды. Келесі жылы кәсіпкер футбол алаңын салмақшы, – деді әкім.

Краснополянск ауылдық округіне Красная поляна, Бекет, Деріпсал ауылдары және Қарамұрын станциясы кіреді. Осы аптада Қарамұрын станциясында бюджет қаражаты есебінен заманауи балалар алаңы орнатылады.