
Кеншілер мәдениет сарайы 28 қыркүйек күні сағат 18:00-де жыл сайынғы Сity Voice караоке-конкурсын өткізеді. Ол Қарағанды орталық саябағының сахнасында өтеді.
"Байқауға 18 жастан асқан кәсіби емес орындаушылар қатыса алады. Байқауға қатысушылардың өздерінің дыбыс тасығыштарын пайдалануына жол берілмейді. Өтініштер сол күні сағат 17:00-ден 18:00-ге дейін Орталық саябақтағы сахна жанында қабылданады. Біз қатысушыларды сол жерде тіркейміз, содан кейін бір кезеңнен тұратын байқаудың өзі басталады. Қатысу тегін", – деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Байқаудың мақсаты – жас таланттарды іздеу және қолдау, вокалдық өнерді дамыту.
Қазылар алқасы қатысушының вокалдық қабілеттерін, репертуарды таңдау кезіндегі көркемдік талғамын, сондай-ақ таңдалған композицияның орындаушының жеке ерекшеліктеріне сәйкестігін бағалайды.
Гран-при және үш жүлделі орын иегерлеріне дипломдар мен сыйлықтар табыс етіледі.
Анықтама телефоны: 8-707-121-83-99.