
Қарағандының Орталық мәдениет және демалыс саябағында алдағы демалыс күндері концерттер, акциялар, көрмелер өтеді.
Сонымен, сенбі, 24 қыркүйекте зоотехниктердің қатысуымен арт-акция және "Овраг" спектаклінің көрсетілімі өтеді. Сондай-ақ балалар суреттерінің көрмесі мен жануарлардың фотокөрмесі, қарағандылық ақындардың өнер көрсетуі өткізіледі. Басталуы 15:00.

16:30-да саябақтың басты сахнасында К.С. Станиславский атындағы орыс драма театры интерактивті ертегі – "Клепа + Леля" ойынын ұсынады.

Сағат 17:30-да қарағандылықтар мен қала қонақтарын "Ниагара" тобының есеп беру концертінде күтеді. Батырхан Шүкенов, Виктор Цой және Юрий Шатуновтың әндері шырқалады.
Ал сағат 19:00-де "Улетай!" Open air өтеді.
25 қыркүйек, жексенбі күні сағат 17:00-де "Адал еңбек – адам көркі" атты кітап көрмесі өтеді.
Сондай-ақ, осы уақытта кеншілер мәдениет сарайының "Еңбек мерекесі" концерттік бағдарламасы басталады.
К. С. Станиславский атындағы орыс драма театры сағат 18:00-де "Декаданс" әдеби-музыкалық композициясын ұсынады.