Қарағандылықтарды күзгі сенбілікке шығуға шақырады

Қарағандылықтарды күзгі сенбілікке шығуға шақырады

Сенбі, 24 қыркүйек күні облыстық сенбілік өтеді. Барлық қарағандылықтардан қаланы күзгі тазалау жұмыстарына шығуды сұрайды.

"Құрметті қарағандылықтар, кіреберістерді, аулаларды, көшелерді, гүлзарларды ретке келтіріп, ағаштар отырғызайық. Сенбілікке тұрғындар неғұрлым көп қатысса, қоқыс тастап, қаланы ластаушылар да аз болады", - деді қалалық билік қарағандылықтарға.

Қазыбек би атындағы ауданда аумақты жинау және тазартудан басқа, өтемдік көшет отырғызу жоспарланған. Ғазалиев көшесі мен Аманжолов көшесінің қиылысында, Республика даңғылы мен вокзал маңы алаңында 400-ге жуық ағаш отырғызылады.

Жалпы, осы күзде қала бойынша 2,5 мың ағаш отырғызу жоспарланған.