Жас экобелсенділер «Жасыл технологиялар балалар көзімен» байқауына қатыса алады

Жас экобелсенділер «Жасыл технологиялар балалар көзімен»  байқауына қатыса алады

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы жас эко-белсенділерге арналған «Жасыл технологиялар балалар көзімен» атты байқауды ашық деп жариялайды!

Байқау 3 номинация бойынша өтеді:

- Үздік «экологиялық» қолөнер (46 жас). Табиғатта жылдар бойы ыдырайтын материалдарды (қалдықтарды) қайта пайдалануды көрсететін қолөнер (қолмен жұмыс) жасау керек (пластик, шыны, полиэтилен, батареялар, фольга, консервілер және т. б.). Бұл номинацияға қатысу үшін сізге 60 секундқа дейін созылатын қолөнердің сипаттамасы берілген видео түсіру керек.

- Үздік «жасыл» дубляж (7–12 жас). Экологияны сақтау контексінде автордың өз дауысымен жазылған фильмдердің, мультфильмдердің үзінділерінен қызықты дубляж дайындау. Ұзақтығы 60 секундқа дейін.

- Үздік «жасыл» жоба (13–17 жас). Өз аймағыңыздағы экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін «жасыл» жоба әзірлеп, оны қысқаша сипаттау қажет. Ұзақтығы 60 секундқа дейін.

Әр номинацияда 3 жеңімпаз болады:

1️ орын – планшет;

2️ орын – смарт-сағат;

3️ орын – сымсыз құлаққаптар.

Жеңімпаздар 2022 жылғы 20 қазанда @igtic_kz Instagram ресми парақшасында жарияланады. Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен 4 жастан 17 жасқа дейінгі барлық балалар, оқушылар және мектеп жасына дейінгі балалар қатыса алады.

Конкурс туралы толық ақпарат: https://www.instagram.com/p/CiuNzmgrglG/?igshid=YmMyMTA2M2Y=, https://www.igtipc.org/kk/news/1978-20220920-081042.

Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласыңыздар: +7-775-000-75-98 (Индира).

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі