Қарағандыда қазан айында Garage Sale-22 қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді

Қарағандыда қазан айында Garage Sale-22 қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді

Garage Sale-22 қайырымдылық жәрмеңкесі 22 қазанда сағат 10:00–18:00 дейін Қарағандыда өтеді. Дәстүрлі түрде экологиялық мұражай ғимараты сату алаңы ретінде таңдалды.

Қарағандыда гараж сатылымы он жыл бойы өткізіліп келеді. Қайырымдылық акциясынан түскен барлық қаражат ауыр науқас балаларды емдеуге жұмсалады. Биыл іс-шара 10 жасар Дінрасул Ниязбековты қолдау мақсатында өткізіледі. Баланың церебральды сал ауруы бар. Жүруді үйрену үшін оған үнемі оңалту курстары қажет. Бір курстың құны 420 мың теңгені құрайды.  

Акцияны ұйымдастырушылар – "Радость" қайырымдылық дүкені, "We Help" қоғамдық қоры, ЭкоМұражай, "ЭкоОбраз" ҚБ және белсенді еріктілер.

"10 жыл бойы бұл жәрмеңке қарағандылықтарға достық кездесулердің жылуын сыйлап, қаламыздың ауыр науқас балаларына көмектеіп келеді. Балалармен бірге келіңіздер, достарыңызбен бірге келіңіздер. Күзді жақсы оқиғамен шығарып салайық", – деп жазды акция ұйымдастырушылары әлеуметтік желілердегі парақшаларында.

Жәрмеңкеде қолдан жасалған бұйымдар, кітаптар, балалар мен ересектерге арналған киім, аяқ киім, кәдесыйлар, ойыншықтар, ағаштан жасалған бұйымдар және т.б. сатып алуға болады. Сондай-ақ, сатылымға келушілер қаланың шығармашылық ұжымдарының өнерін тамашалай алады.

Алдағы күндері ұйымдастырушылар акцияға қатысу үшін жазба ашады. Қосымша ақпаратты ұйымдастырушылардың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан алуға болады – vk.com/garagesale_karaganda, @garagesale_karaganda.