
Қарағандылықтар мен қала қонақтарын алдағы жұма және сенбі күндері Орталық саябақтың басты сахнасында бірнеше музыкалық іс-шаралар күтеді.
23 қыркүйек, жұма күні музыканттар рок-хиттердің кавер-нұсқаларын орындайтын "Ёлки не палки" экожобасын қолдау мақсатында қайырымдылық концерт өтеді. Басталуы 19:30.
"Ёлки не палки" жобасы біздің қаламызды көгалдандырады. Қарағанды қаласының саябақтары мен гүлзарларында 700-ден астам ағаш отырғызылды. Баршаңызды концертке және қайырымдылық іс-шараға қатысуға шақырамыз", – деп хабарлады саябақта.

Сенбі, 24 қыркүйек, сағат 17:30-да қарағандылықтар мен қала қонақтарын "Ниагара" тобының есеп беру концертінде күтеді. Батырхан Шүкенов, Виктор Цой және Юрий Шатуновтың әндері шырқалады.
Ал сағат 19:00-де "Улетай!" атты Open air өтеді.