Қарағанды облысының ауылдық ауруханалары мен емханаларының пациенттеріне 7,2 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілді

Қарағанды облысының ауылдық ауруханалары мен емханаларының пациенттеріне 7,2 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілді

Осы жылдың 7 айында медициналық сақтандыру қоры Қарағанды облысының медициналық ұйымдарына емдеу-диагностикалық іс-шараларды қаржыландыруға 83,1 млрд теңге бағыттады, оның ішінде ауылдық денсаулық сақтауға – 7,2 млрд теңге, бұл қаражат әртүрлі диагноздары бар пациенттер ауылдық ауруханаларда тәулік бойы/күндізгі стационарлар жағдайында да, амбулаториялық деңгейде де алған емделуге ақы төлеуге жұмсалды.

ТМККК пакетіне кірмейтін арнайы емдеуді, оның ішінде хирургиялық, сондай-ақ консультациялық-диагностикалық қызметтерді қаржыландыруға 2,3 млрд теңге бағытталды. 

Сонымен қатар, медициналық сақтандыру қорынан 276 млн теңге жылжымалы медициналық кешендердің жұмысын төлеуге жұмсалды. Олардың көмегімен шалғайдағы елді мекендерде осы жылдың 7 айында 131 мыңнан астам тексеру және талдау жүргізілді.

– МӘМС жүйесін енгізумен облыстың бірқатар медициналық ұйымдары жылжымалы медициналық пункттермен жабдықталды. Бұл ауыл тұрғындарына медициналық көмекті қолжетімді етуге мүмкіндік берді. Адамдарға қалаларға немесе аудан орталықтарына барудың, тексеруден, кәсіби тексеруден өтуге уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, бұл ауруларды ерте анықтауға оң әсер етеді, – деп атап өтті медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша