Әдебиет және кино: Қазақстандық екі фильм Гатчин кинофестивалінде жүлделі болды

Әдебиет және кино: Қазақстандық екі фильм Гатчин кинофестивалінде жүлделі болды

20 қыркүйекте Гатчин қаласында жыл сайынғы «Әдебиет және кино» Халықаралық кинофестивалінің жеңімпаздарын марапаттау және жабылу салтанаты өтті. «Қазақфильм» киностудиясының екі картинасы жүлделі орындарға ие болды.

Қоюшы-суретші Ермек Өтегенов Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» фильміндегі үздік жұмысы үшін Халықаралық қазылар алқасының арнайы дипломымен марапатталды.

Үздік сценарий үшін жүлдені режиссер Дарежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмі алды.

Биылғы Гатчиндегі кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына кәсіби авторлар мен дебютанттардың 35 фильмі енген. Байқауға Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Израиль, Қазақстан және Тәжікстан елдерінің ірі танымал студиялары мен тәуелсіз авторлары өз картиналарын ұсынды.

Айта кетейік, алғашқы ресейлік «Әдебиет және кино» кинофестивалі 1995 жылы Гатчинде өтті. Содан бері 20 жылдан астам уақыт бойы ол жыл сайын ресейлік және әлемдік кинематографтарын танытып келеді. Бұл тек әдеби негізі бар фильмдер қатысатын жалғыз фестиваль. Кинофестиваль жұмысына тек кинематографистер ғана емес, қазіргі заманғы мәдениеттің алтын қорының әдебиетшілері де қатысады.

kazakhfilm.kz