
23 қыркүйек күні сағат 11:00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Жауыртау шатқалындағы Жауыр - өткел қыстауы» тарихи қайта жаңғыртудың тұсаукесері өтеді. Ол 19-20 ғасырдың басында қазіргі Самарқанд су қоймасының аумағында орналасқан қыстау фрагментін бейнелейді. Жауыртау алқабында Арғын руынан 30-дан астам отбасы тұрған.
Тұсаукесерге кіру тегін.
Тарихи қайта жаңғырту көне құжаттардың негізінде, XIX–XX ғғ. ғылыми экспедициялардың есептері, қазақстандық ғалымдардың зерттеулері, Теміртау тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-зерттеу қызметі негізінде жасалды.
«Қайта жаңғырту кезінде қолданылатын құрылыс материалдарына ерекше назар аударылды, олар сол кезеңге жақын, дәл сондай болу керек болды. Тарихи нысанды қайта жаңғырту үшін қажет нәрсенің бәрі қыстау маңынан табылды, яғни біздің ата-бабаларымыз қалай істеді, біз соны қайталадық», – дейді мұражайдағылар.
Тұсаукесер бағдарламасында:
- 11:00 – «Жауыртау шатқалындағы Жауыр – өткел қыстауы» тарихи қайта құрудың ашылуы. «Теория және практика: Теміртау музейінің тарихи қайта құрулары» презентациялық баяндамалар («Теміртау қаласының тарихы» залы);
- 11:30–13:00 – көрме залында халық қолөнерін қайта құрудың интерактивті тарихи алаңдарының жұмысы:
- «Астықты қолмен өңдеу»;
- «Жүнді бастапқы өңдеудің практикалық дағдылары. Жүн иіру»;
- «Баскұр тоқу»;
- «Қыстауда табиғи материалды пайдалану. Шарбақ жасау»;
- 12:30 – «Самаурын қайнату. Шай ішу рәсімі» интерактивті тарихи алаңының ашылуы. (мұражай алындағы алаң)
Анықтама телефондары: (8-7213) 93-19-05, 8-747-185-58-02 (WhatsApp).