Қарағандылықтар мини-футболдан ерекше жандарға арналған халықаралық турнирде Қазақстан намысын қорғайды

Қарағандылықтар мини-футболдан ерекше жандарға арналған халықаралық турнирде Қазақстан намысын қорғайды

Қарағанды қаласының № 2 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәрбиеленушілері мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы футзалдан «Seni Cup» халықаралық лигасы турнирінде Қазақстанның спорт намысын қорғауға аттанады. Чемпионат келесі жылы Польшада өтеді.

Қарағандылық «Арлан» командасы осыдан бірнеше жыл бұрын еліміздің әр өңірінен келген қарсыластарын ұтып, халықаралық аренада өнер көрсету құқығына ие болған. Бірақ пандемияға байланысты футзал турнирі кейінге шегерілді.

Биыл дарынды футболшылар бас жүлдені сарапқа салу үшін тағы да алаңда кездесті. Алматы қаласында 18–20 қыркүйек аралығында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шағын футболдан республикалық турнир өтті.

Қарағандылықтар финалға өтті. Шешуші матчта бапкер Нұрлыбек Рахымовтың шәкірттері алматылық қарсыластарымен кездесті. Өкінішке орай, мәртебелерін растау үшін жерлестерімізге бір ұпай жетпей қалды. Бірақ олардың бұрынғы сіңірген еңбегі мен чемпион атағын жеңіп алғаны ескеріліп, футзалдан халықаралық Seni Cup лигасының өкілдері Польшаға шақыру сертификатын жіберді.

Енді «Арлан» командасы әр елдің мықты қарсыластары қатысатын негізгі турнирге дайындалуда.

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша