
Қостанай облысында болған қайғылы оқиғаға Қарағанды облысының кәсіпкерлері үн қосты. Дала өртінен зардап шеккендерге азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық құралдар, құрылыс материалдары және қаржылай көмек жіберілді.

Абай ауданының фермері Игорь Жабяк 30 тонна картоп берді. Гуманитарлық көмек жіберу үшін бірнеше жүк көлігі қажет болды.
Саран қаласының QazTehna компаниясы шаруашылық заттар, киім-кешек пен азық-түлік жиынтығын жинады. «Сантехпром» ЖШС гигиеналық құралдар және балалар тағамымен көмектесуге шешім қабылдады. «Радость 2017» ЖШС қораптардағы шайды ұсынды.
ЖК «Осипов» жәбірленушілерге 5 млн теңгеге құрылыс материалдарын жөнелтті. Кәсіпкер әйелдер қайырымдылық есепшотына 12 миллион теңге аударды. 2 миллион теңге көлемінде қаржылай көмекті Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Жасұлан Ахметов көрсетті.

Гуманитарлық көмекті қабылдау пункті Ермеков көшесі, 29 мекен-жайы бойынша орналасқан Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде орналасты.
Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша