
Қарағанды облысының кітапханалары 23 қыркүйекте сағат 11:00-де "KitapTime – 2022" жалпы республикалық кітап фестивалінің ашылуына шақырады. Іс-шара музкомедия театрының алдындағы алаңда өтеді.

"23 қыркүйекте баршаңызды "KitapTime – 2022" атты тұңғыш жалпыреспубликалық кітап фестивалінің ашылуында күтеміз. Тек сіздер үшін ғана "Жанасудың алты нүктесі", "Білгірлер сайысы" кітабының тұсаукесері: зияткерлік ойын-викторина, QARAGANDY PARTY – ақындық алаң, "Кітаптармен дос болайық" – балаларға арналған ашық микрофон" өтеді, – деп Қарағанды кітапханалары оқырмандарға үндеу тастады.
Фестиваль бағдарламасында сонымен қатар:
– "Білімнің бас құрылымы – КІТАП": Ахмет Байтұрсынов қонақтарды қарсы алады;
– "Мені өзіңмен бірге алып жүр" - кітап сатылымы;
- "Оқу мәзірі!" – Әдеби киіз үйлер;
- BookCrossing;
- "Киіз үй құрастыр!" шеберлік сабағы.
Фестиваль Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен ұйымдастырылды.