
Қарағанды қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы 23 қыркүйекте Еңбек күніне орайластырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырады. Қала тұрғындарын сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін "Каскад" СОО күтеді.
Жәрмеңкеде жұмыссыз қарағандылықтар, ЖОО және орта білім оқу орындары түлектері мен жастарға жұмысқа орналасуға көмектеседі.
"Каскад" СОО Мартбек Мамыраев шағынауданы, 24/1 учаскесі мекенжайы бойынша орналасқан.
Анықтама телефондары: 996-397, 996-393, 8-775-644-35-80 (WhatsАpp).