Қарағандылық спортшы қазақ күресінен Әлем Кубогының қола жүлдегері атанды

Қарағандылық спортшы қазақ күресінен Әлем Кубогының қола жүлдегері атанды

Констанца қаласында (Румыния) қазақ күресінен Әлем кубогы өтті, онда жеңіс үшін 20 елдің өкілдері күресті. Қарағанды облысынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тұтқышев Нариман қатысты.

55 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз үшінші орынға ие болды. Жүлдегердің тәлімгері – қазақ күресінен Қарағанды облысының аға жаттықтырушысы Мақсат Ахметбеков.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша